Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ат әбзелі әшекейлерінің фрагменттері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қола мен темірден жасалған, пішіндері мен көлемдері әртүрлі болғанымен, ортақ қызметіне қарай біріктірілген - упряждың бөлшектерін әшекейлеу және күшейтуге арналған. Кейбір фрагменттерінде қапсырмалар не бекіткіштер үшін жасалған тесіктер бар, бұл олардың былғары қайыстарға орнатылғанын көрсетеді. Бірқатар бөлшектерінде өрнекті шығыңқылар мен бедерлі элементтер кездеседі, бұл Еуразия даласының көшпелі тайпаларына тән көркемдік дәстүрді аңғартады.
Мұндай бұйымдар қос қызмет атқарған:
Іс жүзіндегі - әбзелдің мықтылығын арттырып, ұзаққа шыдамды болуын қамтамасыз еткен.
Көркемдік- ат иесінің мәртебесі мен байлығын білдіріп, әшекейлі сәндік сипат берген.
Осындай ат әбзелдерінің фрагменттері скиф-сақ дәуірінің ақсүйек қорғандарынан табылған. Олар ежелгі темір дәуіріндегі металлургия мен қолөнердің жоғары деңгейін, сондай-ақ аттың әскери әрі культтік өмірдегі ерекше маңызын айқын көрсетеді.
Табылған жері: Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Көксай қорымы-5 в. 2023 ж.
Мерзімделуі: темір дәуірі
Техникасы: қол өнімі.
Өлшемі: 6,3х1,3см, 4х0,8см, 4х1,3 см

Санат: Археология
Материал: Сүйек
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Тоттанған

Scroll to Top