Жебе ұштары
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сақ-скиф дәуірінің жебе ұштары (б.з.б. VII-V ғғ.)
Бұл жәдігерлер Еуразия даласын мекендеген көшпелі тайпалардың қару-жарағына тән үлгілердің бірі болып табылады.
Жебе ұштары жіңішке, жапырақ тектес, үш қырлы болып жасалған. Мұндай құрылым жоғары тесіп өтуші күш берген.
Түбі цилиндр тәрізді, втулкалы түрінде жасалған, ол жебе сабына берік орнатуға арналған. Бұл шешім оны әрі шайқаста, әрі аңшылықта ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік берді.
Жебе ұштарының бетінде көптеген ғасырлар бойы жер астында жатуына байланысты тот іздері мен қызыл-қоңыр дақтар сақталған. Соған қарамастан, бұйымдар жақсы сақталып, сақ дәуіріндегі жебе қаруының типологиясы туралы құнды мәлімет береді.
Мұндай жебе ұштары сақ тайпалары арасында кең тараған. Олар жеңіл, көптеп жасауға ыңғайлы болғандықтан, атты әскер мен жаяу әскердің қарулануында негізгі орын алған. Арнайы жасалған пішіні тек тесіп өтетін күшті ғана емес, сонымен бірге жебелерді қорамсақтан оңай алуға мүмкіндік беріп, шайқас жағдайында өте маңызды рөл атқарды.
Табылған жері: Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Көксай қорымы-9. 2023 ж.
(1-қорған оңтүстік).
Мерзімделуі: Сақ дәуірі б.з.д VII-V ғасыр.
Техникасы: қол өнімі.
Өлшемі: 5х1,5 см
Сақталу жағдайы
Тоттанған