Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қола айна

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Темір дәуірінің айнасы- тұрмыста және культтік ғұрыптарда қолданылған археологиялық бұйым.
Металлдан жасалған, пішіні сопақ, төменгі жағында шағын тұтқасы бар. Айна беті қазіргі кезде коррозия мен тотығу іздерімен жабылған, алайда көне заманда ол мұқият жылтыратылып, шағылыстыратын қасиетке ие болған.
Осындай айна түрлері ерте темір дәуірінде тек жеке гигиена мен әшекей ретінде ғана емес, сонымен қатар сакралды мәнге де ие болған: ғұрыптық рәсімдерде қолданылып, күннің, жарықтың және қорғаушы күштің символы болған.
Материалы мен пішіні бұл бұйымды темір дәуіріндегі тұрмыстық әрі культтік заттарға жатқызуға мүмкіндік береді. Ол ежелгі қоғамның металлургия деңгейін және көркемдік дәстүрлерін айқын көрсетеді.
Табылған жері: Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Көксай қорымы-7. 2023 ж. (1-қорған солтүстік).
Мерзімделуі: темір дәуірі
Техникасы: қыздыру, соғу
Өлшемі: 10х9,5 см

Санат: Археология
Материал: Қола
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Тот басқан

Scroll to Top