Кимешек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі.
Кимешек ақ матадан тігілген, пішіні ұзын болып, бас, мойын, иық пен кеудені жабады.
Жоғарғы бөлігі- басқа тығыз қонып, ұсақ бүрмелермен жиналған.
Ойық жиегі - қызыл, сары, қоңыр және бордовый түсті жіптермен кестеленіп, геометриялық өрнектермен әшекейленген. Бұл өрнек бет ашық тұратын бөлікті айқындап, сән береді.
Өңір бөлігі- аса көп әшекейсіз, негізгі көркемдік салмақ ойықтың жиегіне түсірілген.
Кесте өрнегі қайталанатын геометриялық сипатта, қарапайымдылық пен әсемдікті қатар үйлестіреді.
Мұндай кимешек күнделікті де, салтанатты жағдайда да тағуға жарамды.
Мерзімделуі: 1950-ші жж.
Техникасы: пішу, тігу, бізкесте.
Өлшемі: артқы жағы мен өңірі - 74 см.өңірі -148 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ