Кимешек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі.
Кимешек ақ матадан тігілген, пішіні ұзын болып, төменгі бөлігі иық пен кеудені толық жабады.
Маңдайы мен төбесі - бөлек пішіліп, жинала тігілген, басқа тығыз қонып тұрады.
Ойық жиегі - қоңыр және ашық түсті жіптермен кестеленіп, өрнектер түсірілген. Бұл өрнек бет жағын айшықтап, сәндік мән береді.
Өңір бөлігі - қарапайым, айшықты сәндеулерсіз, ақ матаның табиғи түсімен ерекшеленеді.
Жалпы көрінісінде қарапайымдылық пен жинақылық басым, бұл оның күнделікті тағуға арналған үлгі екенін көрсетеді.
Мұндай кимешектерді тұрмыстық жағдайда, үй ішіндегі күнделікті өмірде әйелдер киген
Мерзімделуі: 1950-ші жж.
Техникасы: пішу, тігу, бізкесте.
Өлшемі: артқы жағы мен өңірі - 66 см, өңірі -107 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ