Кимешек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тұрмысқа шыққан қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі.
Ақшыл түсті матадан тігілген.
Кесте өрнектері қызыл және сары түсті жіптермен тігілген.
Пішіні мен құрылымы:
Кимешек үшбұрыш пішіндес, әйелдің басын, мойнын, иығын және омырауын жауып тұрады.
Бетке арналған ойығы бар, ол тік сызық бойымен төмен қарай түсіп, қызыл-сары өрнекті жолақтармен көмкерілген.
Өңіріне, екі жағына және етек бөлігіне қызыл жіппен «қошқар мүйіз», өсімдік тектес өрнектер кестеленген.
Қызыл түс - қуат пен өмірдің символы, шаттық пен берекені бейнелейді.
Сары түс - жылылықтың, молшылықтың, ошақтың нышаны.
Мұндай кимешекті тек тұрмыс құрған әйелдер киген. Ол әйелдің әлеуметтік мәртебесін, ана болғанын білдірген.
Әшекейлі, қызыл-сары өрнекті кимешектер көбіне жас келіншектерге тән болса, егде әйелдердікі қарапайымдау болған.
Оcы кимешек мерекелік немесе салтанатты жағдайда киюге арналған.
Мерзімделуі: 1950-ші жж.
Техникасы: пішу, тігу, бізкесте.
Өлшемі: артқы жағы мен өңірі -120 см, өңірі -65 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ