Кимешек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі. Ол әйелдің тұрмыстық жағдайын, жасын және қоғамдағы орнын білдіреді. Кимешек ақ матадан тігілген, ұлттық нақыштағы әшекей-өрнектермен безендірілген.
Маңдайша- кимешектің бет бөлігін айналдыра тігілген бөлігі. Бұл жерде алтын-күрең түсті өсімдік тектес өрнекпен әшекейленіп, бет пішінін айқындай түседі.
Өңірі - төс пен иықты жабатын бөлігі. Кимешек кең етіп тігілген және күрделі ою-өрнектермен сәнделген.
Күлпара - иек пен мойынды, бет қырын жауып тұратын бөлігі. Бұл элемент әйелдің сыпайылығын сақтап, табиғи жағдайлардан да қорғайды.
Төбелдірік - кимешектің төбе бөлігін ұстап тұратын, пішінін бекітетін элемент, сәндік түйін түрінде шығарылып, қосымша өрнекпен көмкерілген.
Негізгі түсі - ақ, ол тазалықтың, инабаттылықтың, ар-намыстың белгісі.
Өрнектері - қоңыр-сары, алтын түсті қошқармүйіз бен гүлді оюлар. Мұндай нақыштар молшылықты, берекені, әулеттің жалғасын меңзейді.
Мұндай әшекейлі кимешекті тұрмыстағы, орта жастағы немесе үлкен жастағы әйелдер киген.
Күрделі өрнек пен сәндік түйін оның мерекелік немесе салтанатты кимешек екенін көрсетеді.
Күнделікті тұрмыста әйелдер өрнексіз, қарапайым ақ кимешек таққан.
Мерзімделуі: 2022 ж., «Қасаба» шеберханасы
Техникасы: пішу, тігу, бізкесте.
Өлшемі: артқы жағы мен өңірі - 1,20х60 см, шылауышы - 1,59х22 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ