Кимешек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ әйелдеріне тән бас киім түрі.
Ақ түсті мақта матадан үшбұрыштап пішілген. Өңірі мен күлпара бөлігі екі қабат матадан тұрады. Жеке пішілген маңдайшасы мен төбесі бүрмеленіп тігілген, үстіне төбелдірік қондырылған. Маңдайына, алқымына және өңіріне сары, қоңыр жіптермен өрнектер кестеленген.
Мерзімделуі: 2022 ж., «Қасаба» шеберханасы
Техникасы: пішу, тігу, бізкесте.
Өлшемі: артқы жағының ұзындығы - 70х34 см, өңірі - 1,59 см, бет ойығы - 20х22 см
Санат:
Киім және кесте
Материал:
Мақта мата
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ