Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кимешек

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кимешек - қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімінің әдемі түрі.
Негізгі бөлігі ақ матадан тігілген, әйелдің беті мен иығын толық жабады.
Алдыңғы және бүйір бөліктері өте әсем, қызыл, алтын-сары, жасыл түсті өрнектермен кестеленген.
Кесте өрнектері көбіне гүл пішінінде, өсімдік тектес оюлардан құралған.
Мұндай қызыл-сары түстің үйлесімі - жас келіншектердің кимешегіне тән ерекшелік. Ол жас, сұлулық пен әсемдікті білдіреді.
Кимешектің маңдай тұсы тығыз, әдемі пішінделген.
Бұл кимешек - салтанатты әрі көркем үлгі, көбінесе той-мерекелерде немесе ерекше жағдайларда киілген.
Мерзімделуі: 2022 ж., «Қасаба» шеберханасы
Техникасы: пішу, тігу, бізкесте.
Өлшемі: артқы жағының ұзындығы - 88, өңірі-23 см, беті ойығы-75х1м 30 см

Санат: Киім және кесте
Материал: Мақта мата
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдануы жоқ

Scroll to Top