Торсық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сусын (қымыз, шұбат, айран, шалап) құюға арналып тігілген тері ыдыс. Бітеу сойылған түйенің мойын терісінен дайындалған. Трапеция пішіндес мойнына қарай сәл жіңішкере түскен. Мойнының екі жақ шетінен екі қайыс бау тағылған. Екі жақ бетіне өрнектер бастырылған. Дәл ортасында күннің, күш-қуаттың графикалық символы «свастика» салынған. Аузына ағаштан ұзынша сабы бар тығын орнатылған.
Мерзімделуі: 1950-ші жж.
Техникасы: илеу, пішу, тігу
Өлшемі: : 84х46х28 см
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ