Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Куәлік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Куәлік 1984 жылы 13 қаңтарда Ә.Ысқабайға берілген. Көп жылғы адал еңбегі үшін КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан халық депутаттары Талды-Қорған облыстық Кеңесі атқару комитеті шешімімен «Еңбек ардагері» медалімен наградталғандығын дәлелдейтін құжат. Құжат мұқабасы қызыл түсті, бүктелмелі кітап тәріздес қос беттен тұрады. Ішкі бетінің сол жағында медалдің суреті бейнеленген. Құжаттың сыртқы бетінде «Удостоверение к медали Ветеран Труда», «Союз Советских Социалистических Республик» сөздері жазылған және ССР-дің елтаңбасы бейнеленген.
Мерзімделуі: 1984 ж.
Техникасы: типографиялық баспа
Өлшемі: ені - 8 см, тігінен - 10,5 см

Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Материал: Қағаз
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдануы жоқ

Scroll to Top