Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Куәлік №0566 төсбелгісімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Куәлік 2022 жылы 28 маусымда қазақ журналистикасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Журналистер Одағы басшылығының атынан берілген. Бұл «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісімен марапатталғандығын дәлелдейтін құжат. Куәліктің мұқабасы қою қоңыр түсті, бүктелмелі кітап тәріздес қос беттен тұрады.
Төсбелгі металдан жасалған, сары түсті, дөңгелек тәрізді, алдыңғы жағында Журналистер Одағының эмблемасы белгіленген және екі жақ шеттерінде өсімдіктің бейнесі түсірілген. Төсбелгінің жоғарғы жақ бөлігі көк түсті лентамен оралған, төсбелгінің дөңгелекшесінде күннің, қыранның бейнесі суреттеледі және «Қазақстанның Құрметті журналисі» деген жазуы бар. Сонымен қатар үстіңгі жақ бөлігінде кеудеге түйреуге арналған ілмегі бар.
Мерзімделуі: 2022 ж.
Техникасы: зауыттық өнім
Өлшемі: куәлік ені - 6,5 см, тігінен - 9,5 см; Төсбелгі ені - 2,5 см, тігінен ұз - 5,5 см

Санат: Металл
Материал: Қағаз, Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдануы жоқ

Scroll to Top