Куәлік төсбелгісімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Куәлік төсбелгісімен 1970 жылы 10 сәуірде В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай берілген. Бұл «За доблестный труд» (Ерен еңбегі үшін) орденімен марапатталғандығын дәлелдейтін құжат. Куәліктің сырты ақ сары түсті, бүктелмелі кітап тәріздес қос беттен тұрады, картон қағаздан жасалған.
Төсбелгі металдан жасалған, сары түсті, дөңгелек тәрізді, алдыңғы жағында 1870-1970 В.И.Лениннің өмір сүрген жылдары белгіленген және ортадағы дөңгелекшенің ішінде Лениннің бас мүсіні бейнеленген. Төсбелгінің жоғарғы жақ бөлігі қызыл түсті лентамен оралған, артында кеудеге түйреуге арналған ілмегі бар.
Мерзімделуі: 1970 ж.
Техникасы: зауыттық өнім
Өлшемі: куәлік ені - 7,5 см, тігінен - 10,5 см; Төсбелгі ені - 3 см, тігінен ұз - 6 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ