Куәлік төсбелгісімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Марапаттау комитеті басшысының орынбасары А.Седовтың атынан 2018 жылы 30 сәуірде «Польза честь и слава» орденімен марапатталғандығын дәлелдейтін құжат. Куәліктің сырты ақ түсті, картон қағаздан жасалған.
Төсбелгі металдан жасалған, қызыл, сары түсті, бес жұлдыз тәрізді, алдыңғы жағында «Польза честь и слава» деген жазуы және ортадағы дөңгелекшенің ішінде екі жаққа қарап тұрған қос қыранның бейнесі бейнеленген, дөңгелектің жоғарғы екі жақ шетінде қылыштың қыны ойылып жасалған. Төсбелгінің жоғарғы жағы қызыл түсті айқастырылған лента оралған, артында кеудеге түйреуге арналған ілмегі бар.
Мерзімделуі: 2018 ж.
Техникасы: зауыттық өнім
Өлшемі: куәлік ені - 7 см, тігінен - 10 см; Төсбелгі ені - 4 см, тігінен ұз - 9,5 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ