Куәлік №203
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Куәлік 2020 жылы Балқаш аудандық Мәслихатының 72 сессиясының №193 -ші шешімімен Ә.Ысқабайға «Балқаш ауданының құрметті азаматы» атағы берілгендігін дәлелдейтін құжат. Құжат мұқабасы қою көк түсті, бүктелмелі кітап тәріздес қос беттен тұрады. Ішкі бетінің оң жақ бұрышында Ә.Ысқабайдың 3х4 фотосуреті тұр, сол жақ бұрышында Балқаш ауданының логотипі бейнеленген. Мұқабаның сыртқы бетінде «Куәлік» «Удостоверение» сөздері жазылған және ҚР-ның елтаңбасы бейнеленген.
Мерзімделуі: 2020 ж.
Техникасы: полиграфиялық өнім
Өлшемі: 10х6,5 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Материал:
Қағаз
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ