Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Куәлік №146 төсбелгісімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. 2017 жылы 12 желтоқсанда «Қазақстан ардагерлер ұйымына 30 жыл» толуына орай жазушыға берілген мерекелік төсбелгіні дәлелдейтін құжат. Куәліктің сырты ақ түсті, сыртында ҚР -ның ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің логотипі бейнеленген.
Төсбелгі металдан жасалған, сары түсті, дөңгелек тәрізді, алдыңғы жағында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі 30 жыл, 1987 - 2017 деген жазуы бар, артқы бөлігінің ортасында көк түсте бейнеленген ҚР-ның картасы мен екі жақ шеткі бөлігінде бидай өсімдігінің бейнесі ойылып жасалған, және төсбелгінің жоғарғы жағы көк түсті материалмен қапталып, беткі жағының ортасына сары жолақ түсірілген, кеудеге түйреуге арналған ілмегі бар.
Мерзімделуі: 2017 ж.
Техникасы: зауыттық өнім
Өлшемі: куәлік ені - 7 см, тігінен - 9 см; Төсбелгі ені - 3 см, тігінен ұз - 8,5 см

Санат: Металл
Материал: Дерево, Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдануы жоқ

Scroll to Top