Шамдалы.
Описание
Үстел үстіне қоюға арналған, сары металдан жасалған сәнді шырақ салғыш. Жалпы биіктігі–42 см. Төменгі дөңгелек табанының диаметрі–11,5 см. Шамдалдың жоғарғы бөлігінде шырақ орнатуға арналған негізгі бір құты орналасқан. Оның сыртқы беті гүл тәрізді бедермен сәнделген. Астыңғы жағында темірден жасалған, диаметрі 2 см болатын үш раушан гүлі орнатылған.Шамдалдың ұзына бойында жіңішке өрнекті темірлермен жалғанған, үш жақ құлақша тәрізді шырақ құтылары орналасқан. Бұл құтылардың әрқайсысының диаметрі–3 см, тереңдігі–4 см. Әр шырақ құтысының жиегін айнала төрт кішкене раушан гүлімен және олардың арасын бөліп тұрған төрт гүл жапырағымен әсемделген.
Состояние сохранности
Без видимых повреждении