Тұскесте
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тұсқа (қабырғаға) ұстауға арналған үй бұйымы. Төсектің үстіңгі жағына қабырғаға ұстау үшін қолданылады. Композициялық құрылымы жағынан ортасы - «табағына» көкшіл түсті мата салынып, оның үш жағын П әрпі тәрізді бізкестемен кестеленген қара түсті барқыттан көмкерме салынған. «Қасы» қызыл түсті сырылған барқыттан жүргізілген. Астары қара матадан жасалған.
Мерзімделуі: 2000-шы жж.
Техникасы: тігу, қию, бізкесте.
Өлшемі: 225х147 см
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары
Материал:
Мақта мата
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ