Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Домбыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұл домбыра - Жетісу өңіріндегі атақты дүлдүл ақын, халық композиторы Құл ақынға (Құлмұхаммед Балғожаұлына) тиесілі. Ол алғашқылардың бірі болып ұлттық аспаптар оркестрін құрған, әрі күйшілік пен ақындықты қатар алып жүрген өнер иесі.

Домбыраның негізгі ерекшелігі - басының ай тәрізді пішінде жасалуы. Бұл ерекшелік Құл ақынның исламның сопылық бағытын ұстануымен байланысты. Сопылық ілімде ай - рухани тазалықтың, кемелдіктің және Құдаймен үндестіктің символы. Осы аспап ақынның дүниетанымын, рухани бағытын және өнерге деген ерекше қатынасын көрсететін бірегей жәдігер.

Санат: Ағаш
Материал: Дерево
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Домбыраның шанағында жарық зақымдану бар (31 см). Шанақтың оң жағы корпустан ажыраған (25 см)

Scroll to Top