Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шашка

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Суық қару түрі - қылыш (шашка). Көбінесе атты әскерлер арасында кеңінен қолданылған. Қылыштың жүзінің бір жағы өткір, ұзын және аздап иілген. Мұндай пішін шабуыл кезінде, әсіресе, ат үстінен шабу кезінде өте ыңғайлы болған. Құю және соғу технологиясы бойынша болаттан жасалған.
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай тауларынан кездейсоқ табылған. Музейге 2009 жылы Жетісу облысы Талдықорған қаласының тұрғыны Дәурен Рыскелдин өткізген.
Балдағында «1924» деген жазу бедерленген.
Жалпы ұзындығы-95,5 см, тұтқасының ұзындығы-14,5 см, ені-11,5, негізінің ұзындығы-81 см, ені-3 см.

Санат: Қару-жарақ
Материал: Дерево, Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Металл күңгірттенді, тұтқасында ағаш төсеніштер жоқ.

Scroll to Top