Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Түскиіз

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақ халқының киіз үйінің керегесінің ішкі жағына ілуге арналған тұрмыстық заттарының бірі. Өңбеті жүн жіппен тұтастай бізкестелеп көркем тігу тәсілімен өрнектелген. Табағы (ортасы) екі қатармен орналасқан он шеңберлі түрлі-түсті өрнектер кестеленген. Кенересі (үш жағы) қызыл түсті мақта матамен жұрындалған. Астыңғы жағы жиектелмей, ашық күйінде қалдырылған.
Мерзімделуі: ХХ ғасырдың 70-ші жж.
Техникасы: бізкестелеу, тігу.
Өлшемі: 130х310 см

Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Материал: Жүн
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Мата жақсы күйде көрінеді. Көрінетін дақтар немесе айтарлықтай тозу жоқ. Түстер ашық және қанық, өрнек айқын. Оң жағында кішкене қатпарлар бар, бірақ бұл материалдың сақталуына әсер етпейді. Жалпы, мата жақсы сақталған және жақсы ұсталған.

Scroll to Top