Сандық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Саудагерлер мен көпестер ақша, бағалы заттар мен құжаттарды сақтауда қолданған. Қоңыр түсті
сандықтың негізгі корпусы металдан жасалып, артқа қарай ашылатын қақпағы бар. Алдыңғы беті декоративті жолақтармен қапталған. Қақпағында ұстауға арналған темір тұтқасы бар. Аспалы құлып салуға арналған ілгегі бар.
Мерзімделуі: ХІХ ғасырдың аяғы.
Материалы: металл.
Техникасы: зауыттық өнім.
Өлшемі: биіктігі - 35см, ұзындығы - 58 см, ені - 55 см
Сақталу жағдайы
Көрінетін жарықтар немесе ақаулар жоқ. Пішін бұзылмаған: қақпақ пен корпус бастапқы пропорциялар мен сызықтарды сақтайды. Сызаттар , әсіресе шеттер мен бұрыштарда байқалады. Металл элементтері (төсемдер, тойтармалар, құлып) қара тот жабындысымен жабылған, бірақ металды бұзатын елеулі коррозия жоқ.