Қола айна
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Х-ХІІ ғғ.
Дөңгелек пішінді көркемделген айнаның бетінің дәл ортасында томпақ бұжыр бар. Оның айналасы қосарланған шеңбермен екі белбеулі бөлікке бөлінген. Ең шеткі және жалпақ үшінші белбеуде үш балықтың бейнесі бедерленген. Кескін көрсетуге арналған екінші беті жылтыр, тегіс. Айнаның шеттері безендірілген беттеріне қарай біртегіс көмкерілген. Жетісу облысы Ақсу ауданы, Егінсу ауылы. Кездейсоқ олжа. 2013 ж.
Балқыту, құю, бедерлеу әдістері арқылы дайындалған.
Өлшемі: диаметрі - 8,5 см, қалыңдығы - 0,7 см
Санат:
Археология
Материал:
Қола
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ