Моншақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жіпке тізілген ұсақ моншақтардан тұратын көне әшекей бұйым. Моншақтардың түсі әртүрлі: сары, көгілдір, ақ және көкшіл. Олардың арасында кішкентай қоладан жасалған ілмекті элементтер орналасқан. Бұл ілмектер сәндік шашақ тәрізді пішінде жасалған және бұйымға ерекше көрініс береді. Моншақтар домалақ пішінде, кейбірі өңделіп тегістелген, ал кейбірінде табиғи бұзылу белгілері бар.
Моншақтар - көне дәуірлерде сәндік қана емес, көбінесе тылсымдық, қорғаныштық мәні бар бұйымдар ретінде кең қолданылған. Әсіресе, түрлі-түсті моншақтар көшпелі халықтарда рухани тазалықты, қорғанышты, байлық пен әлеуметтік мәртебені білдірген. Мұндай әшекейлер әйелдердің, кейде балалардың киімінде жиі кездеседі.
Сақталу жағдайы
Общее состояние хорошее. Некоторые бусины слегка потёрты, но цвет и форма хорошо сохранились. Налёт патина на бронзовых подвесках свидетельствует о древнем происхождении изделия. Требуются реставрационные работы.