Қола қазан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырларға жатады. Қаралтқым түсті, қазанның бүйірі сыртқа шығыңқы, дөңес күйіндеқұйылған. Бүйірінде екі жағынан доға пішіндес, жұмыр тұтқалар сәл көлбеу бұрышпен орнатылған, тұтқаның үстіңгі жағында құйылғаннан қалған тұтас шеңбер сызығы көрінеді.
Диаметрі - 41см., биітігі - 29см., қалыңдығы - 0,8-1сантиметрді құрайды. Қола қазан 1960 жылы Алакөл ауданы, Көктұма ауылы маңынан кездейсоқ табылған, бұл жерде кезінде ортағасырлық Гаган қаласы болған.
Музей қорына Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентінің тұрғыны К.Жұмашев тапсырған.
Санат:
Археология
Материал:
Металл
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Ернеуінде майысқан, сынған жерлері және түп жағында көлемді тесігі бар.