Ұлттық ыдыстар жиынтығы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық ағаш ыдыстары. Күнделікті өмірде ас ішуге және тағам әзірлеуге қолданылған.
Үлкен табақ
Ағаштан ойылып жасалған, дөңгелек пішінді, жиегіне ұлттық ою-өрнек салынған. Көбінесе ет салу үшін қолданылған. Бұл - қазақтың дәстүрлі дастарқан мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Тостағандар
Көбіне қымыз, шұбат, көже сияқты сусындар ішуге арналған. Табиғи материалдан жасалғандықтан, сұйықтықтың дәмін сақтайды әрі ыстық-суықтан қорғайды.
Ожау және шара
Сұйық тағамдарды (сорпа, көже) құюға, ұсынуға арналған. Ыдыстар ағаштан шеберлікпен ойылып, оюмен әрленген.
Санат:
Ағаш
Материал:
Дерево
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ