Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Балбал - адам бейнелі тас мүсін

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

VІ-ІХ ғғ.
Ежелгі түрік дәуірінде жиі кездесетін тастан қашап жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Қазақ даласының барлық аймақтарында кездеседі. Алғашқы балбал тастар ежелгі сақ дәуірінде болған, дегенмен зерттеушілер олардың кеңінен даму мәдениетін түркі дәуірі кезеңіне жатқызады.
Ұзынша тікбұрышты ірі тау тасынан түрегеп тұрған адамның бейнесінде қашалған. Тастың алдыңғы жағы өңделген, бет-әлпеті моңғол тектес, көзін жұмып тұрған мұртты ер адам.
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Луговое ауылынан алып келінген.
Өлшемі:
биіктігі - 200 см, ені - 34 қалыңдығы - 30 см

Санат: Археология
Материал: Тас
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдануы жоқ

Scroll to Top