Су құбыры
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Х ғасырда Қарлұқ қағаны - Арслан ханның ордасы боған Қойлық қалашығы орнынан табылған археологиялық мұра. Қазіргі Жетісу облысы Сарқан ауданы, Қойлық қаласы.
Саздан күйдіру әдісі арқылы жасалған. Орта ғасырлық қалада жүргізілген су жүйесінің бір бөлшегі. Цилиндр пішіндес құбыр бөлігінің бір басы кеңірек, екінші басы сәл сүйірлеу етіп жасалған. Осындай бөліктерді бір-біріне кигізу арқылы қалаға су жүйесі тартылған.
Табылған жері: Жетісу облысы, Х-ХІІ ғғ.
Ұзындығы - 40 см, диаметрі - 10 және 15 см.
Санат:
Археология
Материал:
Керамика
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ