Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Дулыға

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі қорындағы аса құнды экспонаттардың бірі Балпық Деріпсалыұлының Жоңғарларға қарсы жүргізілген шайқастарда басына киген болат дулығасы.
Балпық Дербісаліұлының ұрпағы Нүсіпбеков Мұратбек өткізген.
Балпық Деріпсалыұлы Ұлы жүздің Жалайыр руынан шыққан ержүрек батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі би, тарихи еңбегі зор аса ірі тұлға. Ескелді би, Қабылиса жыраулар мен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1694 жылы дүнеге келіп, 1784 жылдары шамасында қайтыс болған.
Балпық бидің дулығасын музей қорына музей қызметкерлері 1985 жылы Қербұлақ ауданы Жоламан ауылында тұратын Әбсемет (Балпық бидің немересі) атаның баласы Нүсіпбеков Мұратбектің қолынан алған.
Дулығаның түсі қоңырқай, аздап тотыққан, диаметрі 22 см, салмағы 1150 г. Құрама дулыға түріне жатады, күмбез пішінді, төбесі төрт сайдан құралып жасалған, сайларының түйіскен тұстары дөңестелген жіңішке таспа пластинамен жабылып, қайырма шегелермен бекітілген, төменгі бөлігі жалпақтығы 4 сантиметрлік құрсаумен бекітілген.

Санат: Қару-жарақ
Материал: Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Тоттанған жерлері бар.

Scroll to Top