Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құстырғыш немесе түтік - құсбегілік құрал

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құсбегілердің бүркітті баптау кезінде қолданатын арнайы құралы. Құстың көмейіне жүгіртіп, ішін тазалау мақсатында пайдаланылады. Әдетте тырна, қарақұс, немесе малдың жіліншік сүйегінен, кейде өзекті ағаштан немесе қайыстан жасалады.
Бұл түтік тәрізді құрал арқылы құстың ішіне су немесе арнайы сұйықтық жіберіліп, тоқ немесе семіз құстардың ішін шаюға, салқындатуға, арытуға және саңғытуға мүмкіндік береді. Құс саятқа жарамды қалыпқа келуі үшін бұл құрал аса маңызды рөл атқарады.

Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдануы жоқ

Scroll to Top