Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Бәйтерек

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұл көркемдік композиция ағаш негізінде жасалған. Оның үстінде былғарыдан тоқылған бірнеше “бақ” (жіп тәрізді өрімдер) орналасқан. Әр баққа отбасылық рәміздер бейнеленген металл тақталар қадалған. Бұл элементтер бір әулеттің шежіресін, тамырын бейнелеуге арналған.
Композицияның артқы жағында Қазақстанның картасы теріден ойылып, бекітілген. Бұл ел мен отбасы арасындағы байланысты символдық тұрғыда жеткізеді.
Шебер ағашты өңдеп, теріні илеу, өру, сырту сияқты дәстүрлі қолөнер тәсілдерін қолдана отырып, этнографиялық мәні зор, көркем бұйым жасаған.
Датировкасы: 2008 ж.
Материалы: Ағаш, былғары, металл, сүйек
Техникасы: Илеу, өру, сырту
Өлшемдері: 63 × 61 см
Қорға алынған уақыты: 2008 ж.

Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Материал: Дерево, Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымданулары жоқ

Scroll to Top