Жастық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жастық төртбұрышты пішінде жасалған және беткі бөлігі ұлттық қазақ ою-өрнектерімен безендірілген. Сыртқы қабаты жұмсақ әрі сапалы барқыт матадан тігілген, ішкі бөлігі табиғи мамықпен толтырылған.
Бұйым дәстүрлі әдістермен дайындалған: алдымен қауырсындар тазартылып, өңделген, кейін матамен қапталып, қолмен тігілген. Мұндай жастықтар қазақтың тұрмысында күнделікті қолданылып қана қоймай, сәндік қызмет те атқарған.
Датировкасы: 2019 ж.
Материалы: Мамық, барқыт
Техникасы: Қауырсындарды тазалау, тігу
Өлшемдері: 65 × 65 см
Қорға алынған уақыты: 2019 ж.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары
Материал:
Басқа
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ