Құжат. С. Сейфуллиннің ұлы Аян Сейфуллиннің қайтыс болу куәлігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Көкшетау қаласындағы СССР Ішкі істер комиссариатының 16.08.1938 жылы Аян Сәкенұлы Сейфуллиннің улану себебінен 2- жасында қайтыс болғаны туралы Азаматтық хал актілер бөлімінде № 520 тіркеу номерімен берілген куәлігі. Латын тілінде және орыс тілінде жазылған. Бұл құжатты Г. Сейфуллинаның жиендері: София мен Зейнеп Батырбековалар 1988 жылы 18 наурызда музейге тапсырды.
Мерзімделуі: 1938 жыл;
Материалы: қағаз;
Техникасы: машинкамен басылған және қолжазбамен жазылған.
Өлшемі: 12х10 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Материал:
Қағаз
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Қағаз сарғайған, сол жақ жоғарғы бұрышында ілмек іздері бар