Торсық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
М.Төлебаевтың отбасы қолданған.
Торсық - малдың бітеу сойылған терісінен жасалған дәстүрлі қазақ ыдысы. Тар мойынды, аузына қошқармүйіз оюымен өрнектелген ағаш тығын салынған. Көшпелі тұрмысқа бейімделген бұл ыдыс қымыз, шұбат, су сияқты сусындарды құюға және тасымалдауға арналған. Торсықтың сыртқы беті ұлттық ою-өрнектермен сәнделген, кей жағдайларда иесінің әлеуметтік мәртебесін білдірген.
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ