Кесеқап.
Описание
Кесеқап. Қос бүйірлі тері қап, кесе секілді шыны ыдыстарды салып, сынып-бүлінбес үшін алып жүруге арналған арнайы бұйым. Қаптың екі бүйірін түгелдей жауып тұратын қақпағы да теріден жасалып, астыңғы жиегіне қайыс баумен тігіліп, ашып-жабуға ыңғайлы етіп дайындалған. Қақпақты жабық күйде ұстап тұру үшін жоғарғы ортасына жезден доғабас орнатылған. Ауыз ұшында ұзындығы 35 см жалпақ қайыс бау тағылған, бұл қапты алып жүруге немесе байлап іліп қоюға арналған. Қаптың қос бүйірінің сыртқы бетіне дәстүрлі қазақы ою-өрнек бастырылған. Жалпы ені–30см,биіктігі–27см,қос бүйірінің ауыз бетінің диаметрі-13,5см, тереңдігі-8,5см.
Состояние сохранности
Кожа изношена.