Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кесе қап

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кесе қап - ыдыс салатын қорап (дорба). Киіз, аппликация, оюдың шетіне жиек басқан. Кесе қап екі бөліктен: қаптың өзі және қақпағынан тұрады. Негізі ақ киізден үшбұрышты 5 бөлік етіп пішіліп біріктірілген. Біріктірілген тігістің үстін сары түсті әшекей таспалар бастырылған. Беттеріне сары түсті матадан қошқар мүйіз оюы көк жіптермен тігілген. Кесе қаптың жиектері сары түсті матамен жиектелген.
Материалы: жүн
Техникасы: тігу, басу
Тапсырған: қызы Гүлнұр Асқарова

Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Материал: Жүн
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Сақталуы жақсы

Scroll to Top