Қола айна
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қола айна
Х-ХІІ ғғ.
Дөңгелек пішінді көркемделген айнаның бетінің дәл ортасында томпақ бұдыры бар. Мифалогиялық құсқа ұқсас бірдей кескіндегі үш жануардың бейнесі бедерленген. Кескін көрсетуге арналған екінші беті жылтыр, тегіс.
Жетісу облысы Ақсу ауданы, Егінсу ауылы. Кездейсоқ олжа. 2013 ж.
Балқыту, құю, бедерлеу әдістері арқылы дайындалған.
Өлшемі:
диаметрі - 8 см, қалыңдығы - 0,7-0,9 см
Санат:
Археология
Материал:
Қола
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ