Білезік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жіңішке сымдармен және зергерлік өрнектермен безендірілген, жалпақ алтын пластинадан жасалған нәзік білезік, ені - 1,5 см. екі жолақтан тұрады, Жоғарғы, орта және төменгі бөліктерінде ені 0,2 см болатын жиектері бар. Барлық үш жиек те ортасынан жіңішке сыммен, ал шеттерінен филиграндық жіппен сәнделген. Пластинаның ішкі беті екі қатар болып орналасқан түйіршіктермен (зернь) әшекейленген. Бұл түйіршіктердің ортасында шеттері филиграндық жіппен сәнделген ұяшық (гнездо) орналасқан. Осы ұяшыққа қарсы тұрған түйіршік түсіп қалған. Білезіктің екі шетінде инкрустацияға арналған тамшы пішіндес екі жұп ұяшық сақталған. Бұл ұяшықтар да филиграндық жіппен безендірілген.
Білезіктің бекіту жүйесі былай жасалған: бір шетінде үш ілмек, екіншісінде екі ілмек бар. Олар бір-біріне түйісіп, тесік түзіп, оған ілгек тағылады. Ілгек - дөңгелене иілген сымнан жасалып, ұшында ұсақ түйіршіктермен әшекейленген дөңгелек безендіруі бар. Ілмектердің бірінің ортасында ілгекті ұстап тұратын шағын көпірше бар, бұл құрылым ілгектің өз орнында сақталуына себеп болған.
Білезіктің бір шетінен 2,6 см қашықтықта ол екіге бөлінген, екі жағынан екі-екіден тесік жасалған - бұл зергер шебердің жөндеу әрекетінің ізі болуы мүмкін.
Білезіктің ішкі беті тегіс және мұқият өңделген.
Сақталу жағдайы
Екі бөлікке бөлінген, бөлінген жерінде әр жағынан екі тесігі бар, шамамен шебердің жөндеу іздері. Үшінші ілмек тесігі бөлінген.