Әйелдер белдігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Әйелдер белдігі, қыздар мен әйелдер киетін, қазақ әйелдеріне арналған. Сыртқы жағы қоңыр -қызыл түсті велюр матадан тігілген. Үстіне күміс жіптерден жасалған қалыңдатылған парша мата тігіліп қойылған. Белдіктің ішкі жағы ақ түсті мақта матаға тігіліп шыққан. Белдік сыртқы және ішкі жағынан тозған. Ішкі жағынан ортасынан ақ жіппен, ал төменгі және жоғарғы бөлігінен, яғни екі жағынан қара жіппен тігілген. Сыртқы жағы қара және қызыл жіппен тігіліпті. Кей жерлерде велюр мата сүрілген, кей жерден парша матасының жылтыр белгілері көрініп тұр. Белдік екі бөлік тен тұратын ілгекпен біріктірілген. Жалпы көрінісі бүршіктеніп тұрған «бақ-бақ» гүлне ұқсайды. Сыртқы бөлігі қатты геометриялық мотивтерден тұрады.
Табылған жері: Жамбыл қаласы. Батыргалиева Гүлжамал апайдан 5 рубльге сатып алынған.