Кітап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
1984 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан жарық көрген жинаққа қазақ кеңес поэзиясының негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіровтің (1894-1938) таңдамалы шығармаларының аудармалары енгізілген. Кітап қатты қара түсті мұқабамен қапталған, мұқабасында «Ильяс Джансугуров. Избранные» деген жазу бар. Басылымның бірінші бетінде І. Жансүгіровтің қызы Үміт Жансүгірқызының қолтаңбасы сақталған. Онда «Қымбатты Нүрлиха апама. 1 май 1985 ж. (91 годовщина). С/з Кызылтан» деген естелік жазба жазылып, соңына қолы қойылған. Кітап қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық мұрасын танытатын әрі оның отбасы тарихына қатысты құнды дерек сақтаған басылым ретінде тарихи-мәдени маңызға ие. Музей қорына зейнеткер ұстаз Ғ.Омарова сыйға берді.