Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Телефон концентраторы КД-6

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Телефон-концентратор КД-6 - социализм дамыған кезеңіндегі КСРО-ның басшылық құрамына, директорлар деңгейіндегі қызметкерлерге арналған бірегей көне үлгідегі телефон аппараты. Аппараттың ортасында
теру дискісі орналасқан, айналмалы сандық дискіде 1-ден 0-ге дейінгі сандар жазылған.
Аппараттың үстіңгі жағында тұтқасы орналасқан, құлақ және ауызға арналған екі жағы бар.
Төменгі жағында және тұтқаның екі жағында орналасқан ақ түсті механикалық батырмалар телефон желілерін ауыстыру және қосу үшін пайдаланылған. 1960-66 жж Ленинград қаласындағы «Красная Заря» зауытында шыққан.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғасыр 60-66жж.
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: 315 х 192 х 162мм
Санат: Техника және аспаптар
Scroll to Top