Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Lenco T 9005 теледидары

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Радиоқабылдағышпен біріктірілген портативті аналогтық теледидар. Тұрмыстық жағдайда, сондай-ақ тасымалдауға қолайлы етіп жасалған. Корпусы сұр-қара түсті, бұрыштары жұмырланған. Алдыңғы панелінде кинескопты экран, VHF-L, VHF-H, UHF диапазондарының баптау шкаласы, «TUNING» тетігі және дыбыс деңгейін реттеуіш орналасқан. Оң жағында телескопиялық антенна, жоғарғы жағында жиналмалы тұтқасы бар. Артқы панелінде қуат көзі мен антенна ұяшықтары орналасқан.

Мерзімделу кезеңі: 1980-1990 жж.
Материал: Металл, Пластмасса, Полистирол, Шыны
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: 17х19х13 см.
Санат: Ғылым және технология
Scroll to Top