Стақан салғыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Композитор Мұқан Төлебаевқа тиесілі «Кубачи» күміс винтажды стақанқап. Бұйым әйгілі Кубачи көркем комбинатының шеберлері тарапынан қолмен жасалып, қаралау, қашау және оймыш өрнек тәсілдерімен безендірілген. Тұлғасының ортасында сыйлық монограмма жазуға арналған сәндік картуш орналасқан. Жоғарғы жиегі өсімдік тектес өрнекпен көмкерілген тәж пішінінде орындалған. Экспонат көркемдік, мәдени және мемориалдық құндылыққа ие
Мерзімделу кезеңі:
1955 год
Материал:
Күміс
Техника:
Қаралау, Қырнау, түртпе, Өрнектеу
Өлшемі:
7х6 см.