Командалық киім
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл жәдігер - белгілі спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Расулұлы Житкеевтің 2008 жылы Бейжіңде (ҚХР) өткен XXIX Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу кезінде киген Қазақстан ұлттық құрамасының ресми парадтық (командалық) киім жиынтығы.
Жиынтық ашық көгілдір түсті мақта матадан тігілген ерлер жейдесі мен шалбардан, сондай-ақ «KAZAKHSTAN 2008» жазуы мен ұлттық өрнектер салынған шарфтан тұрады. Жейденің сол жақ төс қалтасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген түсті эмблема тігілген. Жәдігер толық сақталған, спорт тарихындағы маңызды экспонаттардың бірі болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
2008 ж.
Материал:
Мата
Техника:
Тігу
Өлшемі:
52 р.
Санат:
Киім және кесте