Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Әскери котелок

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Халық қаһарманы А.Жұмаділовтің жеке әскери котелогы.Далалық, оқу-жаттығу немесе лагерьлік жағдайларда тамақ әзірлеуге, ысытуға және тамақтануға арналған арнайы әскери жеке ыдыс. Экспонат жинақы, көпфункционалды конструкциядан тұрады. Бөлшектелген күйде екі бөлікке бөлінеді:
Негізгі шөміш (котелок): Сыйымдылығы 1.3 литр. Анатомиялық жағынан рюкзакқа немесе белге асып жүруге ыңғайлы, сәл иілген овалы-бүйрек пішінді. Бетіне әскери қорғаныс (хаки) түсті эмаль бояуы жағылған.
Қақпақ-табақ (миска): Сыйымдылығы шамамен 0.5 литр. Ішіне ас салуға, таба ретінде пайдалануға арналған. Бүктемелі металл тұтқасы бар, ол жабылған кезде котелоктың негізгі корпусына тығыз бекітіліп, қақпақтың ашылып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Мерзімделу кезеңі: 1974 ж
Материал: Металл
Өлшемі: 16,5х15 см.
Scroll to Top