Шынаяқ пен тәрелке
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған мерекелік шай пары (шынаяқ пен табақша). Ғалым,ҰОС ардагері Жүрімбек Сыдықовтың жеке заты.
Жинақ ақ түсті фарфордан жасалған екі заттан - цилиндр пішінді, тұтқасы бар шынаяқтан (кружка) және дөңгелек табақшадан (тәрелке) тұрады.Беткі жағында шлем киген кеңес сарбазының графикалық бейнесі, оның үстінде қызыл түспен «1941» және «1945» жылдары, ал фонында мерекелік отшашудың суреті салынған.Ортасында І дәрежелі «Отечественная война» орденінің бейнесі орныққан. Жиегінің жоғарғы бөлігінде қызыл түсті бас әріптермен «СПАСИБО ЗА ПОБЕДУ!» деген жазу, ал шеттерінде қызыл жұлдызшалар бейнеленген.
Музей қорына ұрпағы А.Егізова өткізді.
Мерзімделу кезеңі:
1985 ж.
Материал:
Бояу, Фарфор
Өлшемі:
тарелка диаметрі-14,5см; шыныаяқтың биіктігі-8см, диаметрі-8см.
Санат:
Шыны, фарфор, фаянс