Шашбау
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шашбау. Шашбау - қос бұрымға тағуға арналған зергерлік әшекей бұйым. Ұзындығы - 44 см, төрт өрім қос қабат шынжырдан құралған, шығыршық арқылы жалғасқан екі сопақша деталь бекітілген. Сопақша деталь мен ортаңғы ұзын шынжырдың ұштасқан тұсында салбырап тұратын пластинаға бүйірі дөңес жапырақ тәрізді бедер жапсырылған. Одан шығыршық арқылы үш тармақты шынжыр жалғасып, ұшына бүйірінде штамповка сым жүргізіліп, астында жырық тесігі бар қоңыраушалар ілінген. Қоңыраулар үш қатар тұрған шынжырға бекітілген.
Мерзімі: ХХ ғ.
Материалы: күміс
Техникасы: күмістеу
Өлшемі: 44 см
Материал:
Күміс
Техника:
Күмістеу
Тақырып:
Зергерлік бұйымдар
Сақталу жағдайы
Көрінетін зақым жоқ