Қымыз фермасында
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Фролова Валентина Матвеевна. 1915-1990
Өзен жағасындағы қымыз фермасы бейнеленген жанрлық композиция. Орта тұста, киіз үйлердің алдында ақ халат киген үш бойжеткен тұр, жандарында - сүт құятын бидондар; олардан сәл әріректе кимешек киген әйел ошақ басында тізе бүккен. Киіз үйлердің сол жағында ағаштар мен үйірлі жылқы, ал алыстан өзеннің өсімдік көмкерген арғы беті менмұндалайды. Көкжиек сызығының төмен орналасуы сары-күрең бұлт торлаған кең аспанды айқара ашып көрсетеді. Ашық түсті колорит далаға тән қоңырқай-жасыл және сарғылт реңктердің су мен бұлтты аспанның салқын күлгін түстерімен үндестігіне негізделген. Жеңіл, еркін жағылған бояу ізі мен түстердің нәзік үйлесімі кенеп бетіне жан бітіріп, құбылмалы әсер сыйлайды.