Жапон мүсіншісі Хонго-Син жубайымен портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Нурмухаммедов Нагимбек. 1924-1986
Экспрессионизм жанрындағы қос портрет. Композиция сол жақтағы статикалық тұлға (қолында құжаты бар, креслода отырған ер адам) мен оң жақтағы динамикалық тұлғаның (қолына кітап ұстап тұрған әйел) қарама-қайшылығына құрылып, бір-біріне қол тигізу ишарасы арқылы тұтасады. Фонның солбөлігінде жапон пагодасының сұлбасы бейнеленген. Жағыс мәнерінің қарқындылығы өзгертілген пропорциялармен, айқын сызылған сұлбалармен және анық жағылымдармен ерекшеленеді. Шығарма ортақ мақсат пен өзара қолдауға негізделген екі адамның арасындағы психологиялық байланысты аша отырып, зияткерлік серіктестік, сенім мен эмоционалдық жақындық сезімін жеткізеді.
Мерзімделу кезеңі:
1973 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
140х180 см
Санат:
Бейнелеу өнері