Қараой кеші
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Остренко Иван Дмитриевич. 1927-2007
Кешкі қырдағы дәстүрлі көшпелі тұрмысты бейнелейтін лирикалық пейзаж. Төбе басында - киіз үй, оның жанында ұлттық киімдегі адамдар мен түйе мінген адамның бейнесі орналасқан. Төменде, созылып жатқан шексіз аңғарда - жайылған мал отары. Төбе мен аңғар беткейі биік дала шөбімен көмкерілген, көк аспанда солғын күн дискісі қалқып тұр. Кескіндемелік туынды тыныштық пен көшпелі тұрмыстың ғасырлар бойы қалыптсақан ырғағына толы. Жасыл, сұр және көгілдір реңктерге құрылған ұстамды, табиғи палитра адамның, жануарлардың және дала табиғатының үйлесімділігін айшықтай түседі
Мерзімделу кезеңі:
1955 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
52х56,5 см
Санат:
Бейнелеу өнері